Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда терезеден құлаған жасөспірім жан сақтау бөліміне түсті

0 280

Дәрігерлер 8-қабаттағы терезеден құлаған павлодарлық оқушының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ол жан сақтау бөлімінде.

«Зардап шегушінің миы ауыр жарақат алып, мидың ісінуі, жұлынның зақымдануы байқалды, сондай-ақ дене бірнеше жерден сынды. Қыз екінші дәрежелі травматикалық шок алды. Гемодинамика жасанды аппараттан кейін тұрақтандырылды», – делінген ведомствосында.

Сондай-ақ, мектеп оқушысына төменгі жақтың ашық сынуы, ішкі органдардың көгеруі диагнозы қойылған.

Естеріңізге салсақ, 22 желтоқсанда жасөспірім қыз Павлодардағы 8-қабатта терезеден құлап кеткені хабарланды. Полиция істі тергеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.