Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда подъезде төбелескен екі әйел айыппұл арқалады

0 180

Павлодар мамандандырылған әкімшілік сотында көпқабатты үйдің ауласында екі әйел арасында жанжал шыққанын анықтады деп хабарлады turkystan.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үй бойынша жауапты әйел бейтаныс келіншектен подъезде не істеп жүргенін сұраған. Ал бұл сұрақ танымайтын әйелге ұнамай қалған. Ақыры ұрыстың соңы төбелеске ұласқан.

Сот олардың әрқайсысының денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілгенін және бұл сараптамамен расталғанын атап өтті.

Олардың әрқайсысы өздерін жәбірленуші санап, бір-біріне қатысты полицияға шағым түсірген.

«Тұрғын үй бойынша жауапты әйелдің көршілері сот процесі кезінде  жанжалдың бейтаныс келіншекке байланысты басталғанын айтқан.  Дегенмен, сот бұл жауапқа сыни көзбен қарады. Себебі,  куәгерлер мен үй бойынша жауапты әйелдің арасында достық қарым-қатынас бар», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен екі әйел де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысы 32 162 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.