Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда мас күйінде көлік айдап ұсталған аяғы ауыр әйел таксимен қашпақ болды

0 387

Павлодарда ішімдік ішіп рөлге отырған жүкті әйел жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Естай көшесінде патрульдік полицейлер 38 жастағы әйел жүргізіп келе жатқан Hyundai көлігін тоқтатқан. Одан алкогольдің иісі шыққан, соған байланысты полицейлер әйелді медициналық айғақтау орнына жеткізген.

Ол жерде әйел жүрегінің ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды өтінген. Шақыруға келген медицина қызметкерлері оны тексерген соң, жүрегінде ешқандай сырқат болмағандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

«Әйелдің жеңіл дәрежеде мас екені анықталғаннан кейін ол таксиге отырып, қашып кетпек болды. Бірақ оны полицейлер ұстады. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты әйелді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Бірақ ол сотқа жүктілігі туралы анықтама бергендіктен, әкімшілік қамауға алынбады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.