Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда енесінің картасынан ақша ұрлаған келін тергеліп жатыр

0 310

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Павлодар қаласында әйел адам енесінің рұқсатынсыз картасын алып, жасырын түрде 139 мың теңгесін шешіп алған. Бұл жайлы 49 жастағы ене полицияға өтініш жазып, хабарлады,- деді баспасөз қызметіндегілер.

Келіннің айтуынша, оған ақша жеке қажеттіліктері үшін керек болған.

Полиция атап өткендей, 30 жасар келінге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.