Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында полиция адамдарды құтқару үшін итті атып тастады

0 374

Павлодар облысында ит әйелге шабуыл жасады. Әйел балаларды иттен қорғамақ болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“17 қараша күні сағат 20:20-да полицияға Шарбақты ауданының Александровка ауылында ауыл көшелерімен тұмылдырықсыз және баусыз алабай жүгіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Шақыруға ауылдың учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Оқиға орнында учаскелік полиция қызметкері Талғат Смақов иттің агрессивті екенін, өтіп бара жатқан адамдарға, оның ішінде балаларға шабуылдағанын анықтады.

Ауыл тұрғынын ашулы иттен құтқару үшін учаскелік инспектор табельдік травматикалық қаруды қолдануға мәжбүр болды, өйткені жануар балаларды қорғамақ болған әйелге шабуылдап, қолынан қауып алған. Нәтижесінде ит адамдардың артынан қумай, қашып кеткен.

“Ауыл тұрғынына жарақат әкелген иттерді серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді полицияда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.