Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында орман өрттеріне байланысты ауыл әкімдіктерін сотқа берді

0 197

Павлодар облысында дала өртінің орман өртіне айналуына байланысты екі әкімдікке қарсы сотқа шағым түскен, деп хабарлайды Stan.kz

Орман қорғау мекемелері Железинка ауданындағы Башмачное мен Железинка ауылдарының әкімдіктерінен 3 миллион теңге өндіру туралы сотқа шағым түсірген.

«Орман өртіне алып келген дала өрті қай шаруаның жерінде басталса, сол жауапты болады. Егер жауаптыларды табу мүмкін болмаса, дер кезінде дала өртін ауыздықтау мақсатында шара қабылдамағаны үшін әкімдіктерге қарсы шағым түсіріледі», – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаев.

Оның сөзінше, жыл басынан бері 116 орман өрті болған. Оның 12-сі мемлекеттік орман қоры аумағында болған дала өртінен басталған. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін екі адам жауапқа тартылған. Оларға 53,6 мың теңге айыппұл салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.