Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында ер адам көңілдесімен отырған әйелінің үстінен түсті

0 233

Павлодар облысында әйелін көңілдесімен ұстап алған ер адам одан таяқ жеді. Артынша оған медициналық сараптама жасалып, болған жайтқа қатысты хаттама толтырылды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал шықты. Сол күні ер адамның туған күні болған екен. Ол әйелін қуанту үшін іссапардан ерте оралып, үйіне кіріп келгенде оның жас жігітпен көңіл көтеріп отырғанын көрген.

«Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуінің бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін ер адамның ауруханаға баруына тура келді. Медициналық сараптама  жеңіл дәрежедегі дене жарақатын анықтады. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Баянауыл аудандық сотына жолданады», –  деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін балталап өлтіргенін жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.