Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрі-бір»: Мәдина Бақбергенова сиыр сауып жүр (ВИДЕО)

0 246

Әлеуметтік желіде әйелдер күресінен Азия чемпионы Мәдина Бақбергенованың әке-шешесінің тапсырмасын орындап, сиыр сауып жатқан видеосы көпшілікті сүйсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазба журналист Әйгерім Тоқсанбектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрі-бір. Жұмыс істеткізіп қояды», деген бауырына Мәдина «Түсіндіре алмайсың иә?», дейді.

Жазбаның астына спортшыны қолдап, пікірлер жазып жатқандар да көп. Кейбір адамдар «Міне осындай үй жұмысы мен бозкілемдегі жаттығуды ұштастыра білгендіктің арқасында Азия чемпионы болды. Жарайсың қызым!», Үйге деген, отбасына деген махаббат ибалы тәрбие мен еңбекпен өрілерін түсінген ЧЕМПИОН екен!!! Жолдарың сәтті болсын!!!» десе, белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы «Қандай керемет шынайылық. Олжасым Тайландтан Азия чемпионы боп келген кезде түн жарымында өзіміз ғана қарсы ап ек…», деп бала деген бауыр еттің ең алдымен ата-анаға ғана керектігін айтып, пікір қалдырған.

Жақында Моңғолияның астанасы – Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы егіз балуандар Жәмила мен Мәдина Бақбергеновалар еліміздің Әнұранын ойнатып, көк байрағын желбіретіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінген болатын.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.