Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пандемия кезінде шетелден азаматтарды тасымалдаған ұшқышқа көз жұмғаннан кейін марапат берілді

0 205

Пандемия кезінде шетелден азаматтарды тасымалдау, гуманитарлық көмекті Қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаевқа қайтыс болғаннан кейін «Құрметті авиатор» сыйлығы табыс етілді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапатты Болат Серікбаевтың ағасының жұбайы алды.

«Серікбаев Болат Мұсаұлы «SCAT Airlines» АҚ «Боинг-757, 767″ ұшақтарының командирі қызметін атқарды.Пандемия кезінде басқа елдерден Қазақстан Республикасының азаматтарын қайтару және гуманитарлық жүктерді тасымалдау бойынша рейстерді жүзеге асырды», – делінген хабарламада.

Комитет Серікбаевтар отбасына азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.

Болат Серікбаевтың 2020 жылдың 15 шілдесінде коронавирустық пандемия шарықтау кезінде көз жұмған болатын. Өлімнің себебі – коронавирус белгілері бар пневмония. Болат Серікбаевтың авиация саласында 38 жылдық тәжірибесі болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.