Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пандемия қашан аяқталады?

0 248

Англияның бас санитарлық дәрігері профессор Крис Уитти шамамен 18 айдан кейін вакцинаның кең спектрі пайда болатынын мәлім етті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирусты емдеу тәсілі, атап айтқанда вирусқа қарсы препараттармен емдеу әдісі кеңінен қолданылады. Ол уақытқа дейін жаңа штаммға қатысты проблемалар шектеу қоюмен емес, медициналық дәрі-дәрмектермен шешіледі.

Уиттидің айтуынша, пандемияның бірінші кезеңінде әлеуметтік шектеулерге сүйенуге тура келді, өйткені ковидпен күресудің басқа әдістері болған жоқ. Қазір әлем пандемиямен күреске жаңа медициналық құралдарды тартып жатыр, атап айтқанда вакциналардың үдеткіш дозалары қосылуда Профессор Уитти қауіп-қатер «уақыт өте келе біртіндеп азаяды» деп санайды. Сондай-ақ, ол «Омикрон» нұсқасын жұқтырғандар саны бірден жоғарылауы мүмкін деп есептейді.
«Омикронның» басқа штаммдармен салыстырғанда жеңіл өтетіні туралы пікірлердің қаншалықты әділ екендігі де белгісіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.