Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Памперсін ауыстырсаңдаршы…»: 70 жастағы қарияның тұсауы кесілді (ВИДЕО)

0 655

Instagram-дағы aktobe_tut парақшасына 70 жастағы қарияның тұсауын кесіп жатқан видео жарияланды деп жазды turkystan.kz.

Алайда, әзірге видеоның қай жерде түсірілгені, оның «Тәй-тәй» деген жазуы бар ақ жайманың үстімен жүргізілген кейіпкері кім екені туралы ақпарат жоқ. Ал оны көрген желі қолданушылардың пікірлеріне қарасақ, ешқайсысы бұл «салтты» жақсы қабылдамаған.

«Ай, қазағым-ай! Сонша байығанда ақшасын не істерін білмей жатыр ғой», «Памперсін ауыстырсаңдаршы, т…п қойған шығар», «Аузына соска жетпей тұр», «Құдай-ай, не болып барамыз, құрысын? Ақыр заман жақындап қалды ма? Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады деуші еді. Мынадан кейін не дейміз?» сарынындағы жазбалардан көз сүрінеді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.