Пәкістанның Ақпарат және телерадио министрі Фаррух Хабиб өзінің Twitter-дегі парақшасында ел Үкіметі таратылғанын, премьер-Министр Имран Хан өз міндеттерін жалғастыра беретінін айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
«Премьер — министр өз міндеттерін Конституцияның 224-бабына сәйкес орындауды жалғастырады, Министрлер Кабинеті таратылды», – деп жазды министр.
Бұған дейін Пәкістан парламенті елдің премьер-министрі Имран Ханға сенімсіздік вотумын қабылдаудан бас тартқан болатын.