Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Отпен ойнау»: Тайвань АҚШ конгрессмендері делегацияның келгенін мәлімдеді

0 147

Тайваньға сенатор Эд Марки бастаған конгрессмендер делегациясы келді. Бұл туралы аралдың сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Алайда бұл сапарды Қытай «отпен ойнау» деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Делегация құрамына 5 адамның кіргені белгілі болды. Олар – негізгі екі америкалық партия өкілдері.

Екі күндік сапар кезінде конгрессмендерде Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу, сырты істер саясаты жөніндегі ведомство басшысының банкетіне қатысу және заң шығарушы парламентке бару жоспарланған.

Кездесу барысында тараптар Америка-Тайвань қарым-қатынасын талқылап, қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелелін шешеді деп жоспарланған.

Америка делегациясының Тайваньға баруына қатысты Корей түбегі істері бойынша Қытай өкілі Лю Сяомин пікір білдіріп, мұны «қауіпті қадам” деп атады.

«Отпен ойнаған оттан ажал құшады. Біз бұл елдерді «біртұтас Қытай» принципін берік ұстануға, Тайваньмен байланысты істерді сәйкес түрде шешіп, Қытайдың ішкі мәселесіне араслпауға шақырамыз», – деді ол.

Сяомин АҚШ-ты екі жақты ойын жүргізуді доғарып, нақты шешім қабылдауға шақырды.

«Өзге елдің қолдауы негізінде тәуелсіздікке ұмтылу ештеңеге алып келмейді. Ал Қытайда ұстап тұру үшін Тайвань мәселесін пайдалану сәтсіздікке алып келеді. Қытайдың ішкі істеріне араласып, Қытайдың бірігуіне кедергі жасағысы келетін кез келген күш пен тұлға 1,4 миллиард қытайлықтан құралған берік әрі ұлы қабырғамен соқтығысады», – деп қосты ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.