Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасылық жанжал себеп болды: Нұр-Сұлтанда әйел бір жасар баласымен 12-қабаттан секірмек болды

0 407

Нұр-Сұлтанда бір жарым жасар баласы бар әйел көп қабатты үйдің 12-қабатынан секіргісі келді. Оларды өтіп бара жатқан полицей құтқарды. Қала тұрғындары әйелдің құтқарылу сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме беріп.

«22 қазан күні сағат 17.30-да Куприн көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов балконда 12-қабаттан аяғын созып отырған қолында баласы бар әйелді байқады. Ол төменге секіргісі келген. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, кіреберіске жүгіріп, жоғарыға көтерілді. Есік саңылауынан әйелдің оны байқамайтынына көз жеткізіп, оны ұстап алған», – делінген хабарламада.

21 жастағы қыз отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке баруға шешім қабылдағаны анықталды.

«Бұл күні мен күнделікті кезекшіліктен кейін демалыста болдым. Балабақшадан балаларды алып келе жатып, аулада алаңдаулы адамдар мен балконның қоршауында отырған әйелді көрдім. Ойланбастан подъезге қарай беттедім, менімен бірге лифтке куәгерлердің бірі жүгіріп шықты. Қуанышқа орай, бәрі ойдағыдай болды, мен әйелді ұстап, оны ішке сүйреп апардым», – деді полиция қызметкері.

Жас ананы осындай әрекетке жеткізген жұбайына қатысты полиция қорғаныс бұйрығын шығарды, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіп, психологиялық көмек көрсетілгені хабарланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.