Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайлық жігіт 50 жастағы мұғалімді зорламақ болған

0 689

Қостанай облысында бастауыш сынып мұғалімін зорламақ болған оқиғаға қатысты сот ісі басталды. Қостанай жаңалықтары басылымының мәліметінше, жас жігіт егде жастағы әйелді зорламақ болған деп хабарлады turkystan.kz

Оқиға жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде болған. 22 жастағы жігіт бастауыш сынып мұғалімі болып істейтін 50 жастағы әйелдің үйіне басып кірген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның үйіне кірген бетте ұрып-соғып, буындырып өлтіріп, зорламақ болған.

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген, судья  аталған оқиғаны естіген соң үзіліс жариялаған.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары 1-бөлігі – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша айып тағылуда. Ер адам зорлау әрекетін мойындамайды. Жәбірленуші зорлықшыға қарсыласып жүріп, әрең құтылғанын айтты.

Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.