Қостанай қаласының орталығында үш адамды сиыр сүзіп кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-кесілтеме жасап.
Желіде қаланы аралап жүрген сиырдың видеолары пайда болды. Қожайынынан қашқан сиыр агрессивті әрекеттер жасапты. Видеоға қарағанда, аулалардың бірінде сиыр әйелді құлатып кеткен.
Сиыр қаланың үш тұрғынын сүзіп алған.
«Жамбас сүйегінің сынуы деген болжаммен ер адам ауруханаға түсті, бір әйелдің аяғы көгерген, ал зейнеткердің қол сүйегі сынған», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Ал полиция басқармасы сиырдың иесін анықтап, тиісті шаралар қабылдаған.
«Полицейлер жануардың иесін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілді. Қазір сиыр қоршалған аумақта, иесі оны алып кетуі керек», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.