Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайда жолғанған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіруде

0 145

7 тамыз күні таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мәдина Ерланқызын кешкі уақытта іздестіру үшін мотодельтаплан жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәбиді іздеуге Рудный дельтаплан клубының нұсқаушылары көмекке келді. «Дельта-С» ЖШС басшысы Сергей Хоменко кешкі уақытта баланы іздеуге дельтапландарын ұсынды.

«Маған Қостанай облысында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарланған бойда мен өз көмегімді ұсындым, өйткені бұл әдіс іздестіру жұмыстарында өзін жақсы көрсетті», – дейді Сергей Иванович.

Жоғалған адамдарды іздеуде дельтапландар бірнеше рет тиімді қолданылған.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.