Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайдағы демалыс базаларының бірінде аю балаға шапты: Аю иесі 18,5 миллион теңге өтемақы төлейді

0 198

Қостанайда 2021 жылдың қыркүйегінде демалыс базасында аю балаға шапқан. Сот база иесін кінәлі деп тауып, өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Костанайские новости” басылымына сілтеме жасап.

База иесі Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп тапқан..

Оқиға былтыр 5 қыркүйекте база аймағында болған. Мұнда аю 5 жасар қызға шабуыл жасаған болатын. Ауыр жарақат алған баланың оң аяғын кесіп тастауға тура келді.

Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге сұраған. Александр Панин материалдық шығынды толығымен төледі. Моральдық зиянның бір бөлігі, яғни 1,5 миллин теңге де өтелген. Сот Панинді кінәлі деп танып, оған 500 сағаттық қоғамдық жұмыстарды тағайындады, бірақ рақымшылық бойынша ол негізгі жазадан босатылды.

Зардап шеккендердің талап-арызын ішінара қанағаттандырып, нәтижесінде аю иесі отбасына 18,5 миллион теңге төлейді. Бұл Қостанайдың аудандық соты қабылдаған шешім, облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.