Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайдағы бейімдеу орталығынан екі бала қашып кеткен

0 421

Қостанай облысының полициясы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан кетіп қалған балаларды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рудныйлық екі жасөспірім отбасы өмірлік қиын жағдайда болғандықтан, арнайы мекемеге орналастырылған.

11 жасар баланың орталыққа келгеніне шамамен бір ай болса, 12 жасар екіншісі екі күн бұрын ғана келіпті.

Тәрбиешілер балалардың жоғалғанын байқай сала бірден полицияға жүгінді. Оларды іздеуге полицияның барлық жасағы бағытталып, сауда орталықтары, қала жағалаулары мен саябақ аймақтары тексерілді.

Сауда орталықтарының бірінің күзетшілері бейнекамераларды қарау кезінде жасөспірімдерді сауда залында көргенін айтты. Кейін олар Рудный қаласына жету үшін автотұрақтан көлік іздеген.

Қостанай қаласы полиция басқармасының криминалдық іздестіру бөлімшесінің бастығы Жандос Кенжебековтің айтуынша, іздестіру шаралары осы ауданда топтастырылды.

Кәмелетке толмағандар автобекет маңынан табылды, олар көрші қала Рудныйға жаяу бармақ болған.

Қазіргі уақытта балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қайтарылды, олармен психолог және мамандар жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.