Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды – Жоғарғы Сот

0 194

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды», – делінген хабарламада.

Бұл қаражат соттың мүдделі тарап пайдасына оң шешім шығаруы үшін арналғаны айтылған. Жоғарғы Сот мәліметінше, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

ҰҚК Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы («Пара алу») 3-бөлігі 3-тармағы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.