Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайда студент жалған концерт билетін сатқан

0 217

Қостанайда студент жалған концерт билетін сатқан деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайлық полицейлер жалған жолмен электронды темекі және белгілі қазақстандық топтың концертіне билет сатумен айналысқан 18 жастағы студентті ұстады. Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты.

«Instagram әлеуметтік желісінде лақап атпен 18 жастағы жігіт бір реттік электронды темекі мен «Ирина Қайратовна» концертіне билеттер сатылғаны туралы хабарландыру жариялаған. Ал ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпаған»,- деп хабарлады Қостанай облысы ПД Киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Қостанай қаласының тұрғынын ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.