Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайда үйден өрт шығып, 4 адам ажал құшты

0 120

Қостанай қаласында 2 қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 13:57-де болған. Өрт екінші қабаттағы 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан үйді жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылған. Сондай-ақ ер адаммен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Одан бөлек, өрт сөндірушілер басқа бөлмеден туыстарына қонаққа келген 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың денесін тапқан.

Өрт сағат 15:05-те сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылған. Қазір оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде және тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.