Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайда үй өртеніп, 7 жастағы қыз қаза тапты

Қостанайда үй өртенді. Өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

0 386

Қостанайда 24 қарашада сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі үй өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер 6 пәтерлі өртеніп жатқан үйге 14 минутта жетті,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы 50 шаршы метр аумақ өртенген. 4 тұрғын эвакуацияланды. Жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын ІІІ дәрежелі күйік шалған. Халі мүшкіл, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Осы отбасының жеті жастағы қызы жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды», – деді ТЖД өкілі.

Өрт сағат 18:23-де толық сөндірілді. Оның сөндіруге 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің себебін мамандар анықтайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.