Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысының әкімі: өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады

0 216

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындары үшін салынатын жаңа үйлердің құрылыс жоспарымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «Әулиекөлдің бас жоспарына сәйкес жер бөлдік. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бізге көмек беріп жатыр. Бірге жұмыс тобын құрдық, қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қостанай облысында жылыту маусымы ерте басталады. Яғни, қазан айында. Сол қазан айының соңына дейін үйлерді салып үлгеруіміз керек. 91 үй салынады. Оның жобаларын қазір таңдап жатырмыз. Алдағы 2-3 күнде бекітеміз. Сосын бір аптаның ішінде құрылысты бастауға тырысамыз. Ол жұмыстарға ең тәжірибелі мердігерлер тартылады. Өйткені, ол тез әрі сапалы салынуы керек», – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.