Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында арақтан бас тартқан ауыл бар

0 341

Жангелдин ауданының Шилі ауылында соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Экспресс К

Қазір Шиліде 400-ден астам адам тұрады. Бұл ауылда алкоголь саудасымен айналысуға тыйым салынған. Мұнда белгілі бір уақыт аралығында емес, тәулік бойы арақ-шарап сатылмайды. Бұл — тұрғындардың ортақ ұйғарымы.

Қазіргі уақытта бізде 95 аула, 7 ірі мал шаруашылығы бар. Ауылдарда 3 азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Соңғы 3 жылда спирттік ішімдіктерді сату тоқтатылды. Бұл ешқандай да мәжбүрлі шара емес, тұрғындар осындай ымыраға келді, — дейді Шилі ауылдық округінің әкімі Ербол Досмағамбетов.

 

Мұның пайдасы болмаса, зиянын көріп жатқан ешкім жоқ. Шағымданушыларды да кездестірмейсіз. Соның әсері ме, соңғы 3 жылда округте ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Біз алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан бас тарттық. Азық-түлік пен киім-кешек сатумен айналысамыз.

Осының өзі жеткілікті. Бір жақсысы, қазір ауыл тыныш, көшеден бірде-бір мас адам көрмейсіз, — дейді ауылдағы «Береке» дүкенінің иесі Сәуле Шоқанова.

Қазір аталған ауылдық округке кіретін Милысай ауылы да арақ-шараптан бас тарту бастамасын көтеріп жатқан көрінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.