«Орыс халқын осыншалықты безбүйрек ұлт деп ойламаппын!», – деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
«Жасы жиырмаға жетпеген жас балалар өмір көрмей өліп жатыр. Біз олардың мүрдесін қайтарып бергіміз келеді. Өлі денені сақтап отырмаймыз. Бірақ Ресей тарапы украин жерінде оққа ұшқан өз жауынгерлерін керек етпеуде. Сонда олардың іздеушісі жоқ па? Ата-анасы ажалға айдап салған ұлының тағдырына алаңдамай ма? Путин үшін украин жерінде ажал құшқан орыс солдаттары қоқыс пакеті. Соған көзім жетті…», – деді Украин президенті.