Қалалық қоғамдық-саяси газет

«OrdaGen» – балалар үшін кешенді контент

0 149

    Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «2022 жыл – Балалар жылы» аясында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасы бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жиынды облыс әкімдігінің білім басқармасының «Соқыр және нашар көретін балаларға арналған облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының» білім алушысы Алмат Жұматаевтың орындауында «Туған жер» әнімен ашты. Алғашқы болып сөз кезегін алған облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек балалар әдебиеті туралы кеңінен айтты.

– Балалардың көркем әдебиет, ертегі болсын кез келген кітап оқуы өрісін кеңейтіп, қиялын дамытады. Ертегі оқып өскен бүлдіршіндердің ойы озық, санасы жүйрік болады. Ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, балалар әдебиетіне көңіл бөлу арқылы біз балғындардың тұлға болып дамиып, жетілуіне зор ықпал етеміз – деді Дәулет Жамаубайұлы. Жиын барысында «OrdaGen»баспасынан шыққан «Мың бояулы ORDA», «ORDA ертегілері толық жинақ», «Берке аю және кәсіп» кітап кейіпкерлерінің шеруі болып өтті.


Одан кейінгі кезекте облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек пен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпжасарова балаларға арналған қызықты кітаптың тұсауын кесті.
– «OrdaGen» балалар үшін кешенді контент өндіру жобасы. Мақсаты ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңірмек. Аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегі жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Үш түрлі тақырыпта қысқметрлі мультфильм түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілді. – деді жоба авторы Айбек Қуатбай.


Жиын соңында «OrdaGen» баспасынан шыққан «Мың бояулы ORDA», « «Берке аю және кәсіп» кітаптары таратылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.