Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Орамалыңды шеш!»: Әуелбекова «Қазақконцерт» басшылығынан қысым көргенін айтты

0 1  484

Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының басшылығы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді деп жазады turkystan.kz.

Тыңдармандарымен бір сәт сырласқысы келген әнші әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. Өнер иесінен тыңдарманы «Қазақконцерттен кетіп қалдыңыз ба? Қызметіңіз не болды?» деп сұраған.

Бұл ретте әнші: «Басшылық: «Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет», – деді. Бірақ мен кетпедім де, шешпедім де. Қазір ресми декреттік демалыстамын. Бұйырса, шығамын әлі», – деп жауап берді.

 

Онымен қоймай, орамалды өмірінің соңына дейін тағатынын жеткізді.

 «Бұл өмірде мәңгі ешкім өмір сүрмеген, сүрмейді де. Орамалым бұйырса, ақыреттік», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова – 2018 жылдың сәуір айында «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді. Ал 2019 жылы 29 сәуірде  «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.