Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралдық қыз «Барби» қуыршағына ұқсау үшін қабырғасын алдырып тастаған

0 923

Әлемге әйгілі Барби қуыршағына ұқсауға тырысқан оралдық бикеш екі қабырғасын алдырып тастады. Сондай-ақ  эльфтерге еліктеген ол құлағының пішінін өзгерткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz   сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Елена Рагузованың салмағы қазір – 40 келі. Ал белінің өлшемі 46 сантиметрге дейін жіңішкерген. Күрделі операцияға 1 миллион 200 мың теңге жұмсапты. Дәрігерлер мұндай отадан кейін денсаулығын қалыпқа келтіру үшін әлі жарты жыл күтінуге кеңес берген. Бірақ Елена оған қарамастан, тәнін тағы да жетілдірмек ойда.

Оралда тұтқындар тергеу изоляторының күзетшілерімен төбелесті

Қайтыс болған әйел бір сағаттан кейін қайта тірілген

«Айкезбелікке ұқсас»: Әйел 40 жылдан бері ұйықтамағанын мәлімдеді
«Денеме жеті жерден тату салғыздым. Астана мен Алматыға арнайы барып, осындай өрнек салатын шеберді таңдап алып жасаттым. Болашақтың Барбиі болғым келеді. Денеме чип салғызып, бүкіл ақпаратты сонда жинақтап, ақшамды сол чипте ұстасам деймін. Сосын мұрным мен иегімді түзетуді жоспарлап отырмын», – дейді «Барбиге» ұқсағысы келген бойжеткен Елена Рагузова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.