Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралда зейнеткерді өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында босанды

0 197

Оралда зейнеткердің өліміне қатысы бар күдікті тергеу изоляторында босанып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Зачаганск кентіндегі Қазақауылы ықшамауданында биыл 10 наурызда зейнеткерді өлтіріп, оның алтын бұйымдары мен неке жүзігі тоналған болатын. 28 наурызда полицейлер күдіктінің видеосын жариялады. 6 сәуірде Орал қалалық ІІБ бастығы Нұрлан Бисенов күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде заттай айғақ – қанды киімдер мен пышақ табылған. Кінәлі деп танылған адам бұрын сотты болмаған, ішкі істер органдарында есепте де жоқ.

Кейін оралдық заңгер полицейлердің күдіктіні қате ұстағанын мәлімдеді. 22 тамызда күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ол бұрын қамауда болса, енді үйқамаққа ауысуына рұқсат етілген.

«Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы бір ай мерзімге «қамау» түріндегі «үйқамаққа» өзгертілді», – деді сот.

Тергеу әрекеттері толық көлемде жүргізілген. Енді сараптама қорытындысын қосу қалды. Сондай-ақ күдіктінің жеке басы, бұрын сотты болмағаны, тұрақты тұрғылықты жері мен төрт кішкентай баласының болуы да назарға алынды.

Төртінші баласы 19 тамызда тергеу изоляторында дүниеге келген. Ол үйқамақта болғандықтан сотқа дейінгі іс жүргізудің объективтілігі мен жан-жақты аяқталуына әсер ете алмайды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.