Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралда автобус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды

0 158

Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Жол ортасында төбелескен азаматтар көлік қозғаласына кедергі келтірген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 10 ақпанда таңертең Абай даңғылында болған. Видео авторының сөзінше, бұл уақытта ол жұмысқа бара жатқан.

«Төбелеске автобус жүргізушісі қатысты. Жол ақысы 80 теңге екенін ескерсек, олар 80 теңге үшін жанжалдасқандай көрінеді», – деп айтты оқиға куәгері.

Ер адамдарды жол қозғалысына бөгет жасағандықтан өзге көлік жүргізушілері ажыратқан. Қазір полицейлер тәртіп бұзғандарды іздестіруде.

«Төбелес қатысушыларының ешқайсы құқық қорғау органдарына шағымданбаған. Тәртіп бұзушылардың жеке тұлғасы анықталып, жауапқа тартылады», – деді БҚО Полиция департаментіндегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.