Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орал қаласының үш тұрғыны құрылыста қаза тапқан күйеулерінің өлімі үшін өтемақы ала алмай жүр

0 159

Орал қаласының тұрғыны күйеуінің өлімі үшін берілуі керек өтемақыны ала алмағанына үш жыл болған. Жесір қалған әйелдің сөзінше, жұмыс беруші оны балаларымен бірге алдап кеткен. Пәтер беріп, көмек көрсетуге уәде беріпті, алайда кейін кінәні басқа адамға аударып жіберген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Динара Сахипова күйеуінің шебер адам болғанын айтады. Кірпіш қалау, бетон құю секілді жұмыстардың барлығын жасай алған. Алайда көпқабатты үйдің құрылысы кезінде ол 9-қабаттан құлап кеткен. Жерлеуден кейін әйел балаларымен бірге далада қалыпты. Жалдамалы пәтерде тұрып, уәде етілген үйді күткен. Ал жұмыс берушінің кінәсін комиссия 95%-ға бағалаған.

«Жерлеуден кейін директор адам жіберді, ол мені Мөңкеұлы көшесіне алып барды. Сол жерде жер телімі мен құрылысы жүріп жатқан үйді көрсетті. Осы үйден 2020 жылға дейін бір пәтердің берілетінін айтты. Тіпті келісімшарт та жасастық. Кейін бұл адам жоғалып кетті. Білуімізше, құрылыс ол адамға тиесілі емес екен», – Орал қаласының тұрғыны Динара Сахипова.

Сот Сахиповаға пәтер беру жайлы келісімді жарамсыз деп таныған. Ал қайғылы оқиға компания басшысын емес, жалдамалы бригадирді кінәлі деп тапқан. Алайда бұл адам еңбек инспекцияның шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірген.

«Маған сенім білдіруші азамат жұмыс беруші емес, сондықтан еңбек инспекцияның оны кінәлі деп табуы дұрыс емес. Қарапайым жұмысшыны қосып жіберген, себебі заңды білмейді. Қорқытқан. Бірақ мұнда оның қатысы қанша?», – дейді бригадирдің адвокаты Жомарт Ерназаров.

Заңгерлердің сөзінше, жұмыс беруші әр жұмысшыны жазатайым жағдайдан сақтандыруы керек. Қажет жағдайда өтемақы төлеуі қажет.

«Менің ойымша, облыстық сот барлығын шешеді. Сахипова әлеуметтік осал топқа жатады. Ешқандай кіріс жоқ. Туысқандарының үйінде тұрады. 3 кәмелетке толмаған қызы бар. Оларды жұмыспен қамту керек. Қазір бір отбасыға тек бір телефон ғана бар, түсінесіз бе?», – дейді Динара Сахипованың адвокаты Хибат Темірғалиев.

Қазір Сахипова прокуратураға шағым түсірген. Сонымен қатар әйел сот шешімін де өзгертпекші. Қазір олардың шағымы еңбек инспекциясында қабылданған. Ведомствода шағымды жақын арада қарастыруға уәде берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.