Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қонаевтың атын астанаға берсе де аз» – Қыдырәлі Болманов

0 342

Белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын екіге бөлуді ұсынған. Талдықорғанда Жетісу облысын құрып, Алматы облысының орталығын Қапшағай қаласы етіп, оны Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атауға бастама көтерген. Көпшілік Президенттің бастамасын қолдады.

«Шынын айтсақ, астанаға Дінмұхамед Қонаев атамыздың атын берсе де аз. Ол кісінің атымен әр қаланың басты көшелерін атау қажет! Ең мықты білім орталықтарын, университеттердің атын Қонаевтың атымен байланыстырған дұрыс болар еді.  Өйткені, бұл ұрпақ тәрбиесінде өте маңызды. Жастар да, балалар да сол кісіге қарап бой түзеуі қажет. Дінмұхамед Қонаев – адалдықтың, мемлекетін, ұлтын сүюдің, елін жанашырлықпен, әділдікпен басқарудың үлкен үлгісі! Яғни, символы. Бұл туралы тоқтаусыз айтуға болады», – деп жазды Болманов өзінің парақшасында.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.