Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 14 мыңнан астам оқушы қатысады
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 14 369 оқушы қатысады. 14-22 ақпан аралығында өткен аудандық іріктеу кезеңдердің қорытындысы осындай. Олимпиаданың облыстық кезеңі 24 наурызда басталып, 30 наурызға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, биыл ҚР БҒМ «Дарын» орталығы республикалық олимпиаданың барлық кезеңін электронды форматта өткізіп жатыр.
Бұл зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешовтың айтуынша, эектронды форматты енгізу аудандық олимпиадаға қатысушылар тарапынан 90-нан астам түрлі бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, оқушылар тапсырмаларды шешу үшін смартфондарды пайдалануға тырысты. Бірақ ондай әрекеттерге тосқауыл қойылды. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысушылар еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғайтынын түсіну маңызды.