Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ол өте мейірімді адам»: Депутат күйеуін жамандаған түркістандық келіншек кешірім сұрап, жолдасын асыра мақтады (видео)

0 1  751

Күйеуімнен зәбір көрдім деген түркістандық келіншек кешірім сұрады. Ол күйеуіне жала жапқанын айтып сөзінен айныды. Айтуынша, жолдасын емес, енесінің ерсі әрекетін айтпақ болған. Алайда жолдасы жайлы артық ауыз сөздер айтылды деп өкінеді.

Іңкәр Сүлейменованің кешірім сұраған видеосы желіде тарады. Келіншек өз әрекетін түсіндіріп берді.

“Мен бұл шоуға барған себебім енемнің әрекетін айтпақ болғанмын. Енем емес, күйеуім туралы көп сұрақ қойылып кетті. Ел-жұрт барлық кінә күйеуінен деп ойлады. Енем туралы болу керек еді әңгіме. Енемнің көрсеткен қорлықтары айтылады деп ойлаған едім. Отбасымнан бөлек кетем, енемнен бөлек шығам ба деп ойладым. Бірақ күйеуіме кір келсін деп ойламадым. Оның жұмысынан қудалап жатқанын да қаламаймын. Ол туралы халық жаман ойда қалды. Оған ешқандай зиян тигізгім келмейді. Кір келтіргім келмейді”, – дейді Сүлейменова.

Жолдасын ақтауға тырысқан келіншек халықтан кешірім сұрайды. Бұл өзінің қателігі деп біледі. Жолдасы екеуінің арасындағы жанжал осындан бес жыл бұрын болғанын айтып ақталды.

“Менің күйеуімді депутат деп әсірелеп көрсетті. Бұны жай ғана отбасылық мәселе деп қарау керек шығар. Барлық отбасында осындай жағдай болады. Бұл да соның бірі. Мен қателіктерім болса, халықтан кешірім сұраймын. Ешкім мені қинаған жоқ. Мен өз еркіммен сұхбат беріп отырмын. Күйеуімнен кешірім сұрадым. Сені ақтап аламын деп уәде еттім. Оған ешқандай зиян келмесе екен деймін”, – дейді келіншек.

Бұған дейін Іңкәр Сүлейменова 18 жыл бойы құлдықта болдым деп көпшілік алдында жылаған еді. Күйеуі мен енесінің, қайын сіңлісінің тепкісін көріп өмір сүргенін айтып, жолдасымен ажырасқысы келетінін жеткізді. Оның сөзін әпкесі мен анасы қостады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.