Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы сторисінде Қайрат Нұртасты үйіне қонақ болып келгенін айтты деп жазды turkystan.kz.

Видеодан оның ұлы Нарұлмен сөйлесу барасында «Үйде қонақ бар, папаң үйге қонақ болып келді ғой» деп айтқанын естуге болады.

Мұны естіген көпшілік «Кешіргені ғой, үйіне кіргізгені», «Жұлдыз Қайратты әлі кешірмегені ма?», «Бақытты болсын» деп жазды олар.