Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,5 пайызға азайды

0 190

 Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 Өңір басшысы ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға, оның ішінде қылмыстар 6,6 пайызға, теріс қылықтар  13 пайызға төмендегенін атап өтті. Алайда, облыста аса ауыр қылмыстар артқандығы байқалады.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Темірбек Оразымбетов жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты 367 учаскелік полиция инспекторы және олардың 85 көмекшісі қызмет ететінін айтты.

– Облыста барлығы 197 учаскелік полиция пункттері бар, оның ішінде, облыс орталығы Тараз қаласында 30, аудандарда 167 санды құрайды,-деген Темірбек Оразымбетов 119 учаскелік полиция пукттеріне жөндеу жұмыстары қажеттігін атап өтті. Жыл соңына дейін бірнеше ауылда учаскелік полиция қызметкерлері тұрғын-үй мен қамтылады.

 

 Ол биыл жоспар бойынша 5 учаскелік полиция пунктін және 4 модульдік стационарлық бекеті салынатындығын жеткізді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарының айтуынша, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 3 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 372 кг жоғары.

Аймақ басшысы адам өліміне соқтыратын қылмыстар мен алаяқтық деректерді азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.

– Жол-көлік оқиғаларына кінәлі жүргізушілерге қатаң шаралар қолдану керек. Жол бойында жайылған мал иелері қатысты тексерістер жүргізу маңызды, жерілікті қоғамдық ұйымдармен, белсенділермен бірігіп түңгі рейдтер жасау қажет.  Бұл тұрғыда барлық мемлекеттік органдар халықпен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс, – деген Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.