Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оқушылар жаңа жылды тойламайды

0 467

Түркістан өңірінде бала­бақша мен мектепте, кол­ледж­дер мен жоғары оқу орын­дарында жаңажылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Тек жекеленген сыныптар мен топтарда мере­ке­лік жиын өткізуге рұқ­сат етілді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бірақ ата-аналардың қаты­суына тыйым салынған. Себебі жаңа оқу жылы басталғалы бері 329 бала мектепте жүріп, коронавирус жұқтырған.

Сондай-ақ облыста Ashyq жобасына қатыс­пайтын кәсіп нысандарына мерекелік және от­басылық іс-шаралар өткізуге болмайды. Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандарда салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық жиындарға 100 адамнан артық келмеу керек.

Аймақтың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде карантин талаптарын қатаң сақтау қажетін айтып отыр. «Нысандарда қатаң бетперделік және дезинфек­циялық режимді қамта­масыз етіп, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болуын қадағалау керек», – деді Нұрбек Садықбекұлы.

М.ХАҚНАЗАР

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.