Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оқушылар TikTok-тағы тренд үшін мектеп дәретханаларын қиратуда

0 260

Американдық оқушылар арасында ұсақ ұрлық пен мектеп дәретханасындағы бассыздық танымалдылыққа айналды. Өздерінің «ерліктерімен» білім алушылар TikTok желісінде бөліседі,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектеп мүлкіне зақым келгені туралы ақпарат елдің түкпір-түкпірінен келген.

Мысалы үшін, Флоридада сабын диспенсері ұрланып, раковиналар сынған, Калифорнияда дәретхананы әдейі бітеп тастап, қабырғадан айналар мен диспенсерлерді жұлып алса, Арканзаста қабырғаларға қызыл бояу жағып, мұғалімдердің киімдерін ұрлап кеткен.

Мектеп әкімшілігі мен полициясы белең алған жағдайға жасөспірімдер арасында танымал TikTok желісінің үрдісін айыптайды.

«Бұл мектеп әкімшілігіне, қызметкерлерге және басқа оқушыларға өте жағымсыз. Себебі қиранды орындарын тазартып алғанша уақытша жабылатындықтан кейбіреулер бұл жерді толық тазалап шықса, басқалары мектеп дәретханасын пайдала алмайды», – деді Сан-Антониодағы солтүсті-шығыс тәуелсіз мектеп округінің қоғамдық істер жөніндегі атқарушы директоры Обри Чанселлор.

Мектеп басшылықтарының айтуымен мұндай мазмұндағы бейнежазбалар Tik Tok желісінен өшіріліп жатқанына қарамастан, дәретханадағы қиратулар әлі тоқталған жоқ.

Жасөспірімдердің мінез-құлқын зерттейтін Браун университетінің доценті Жаклин Несидің айтуынша, балалар осындай әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді.

«Бұл жердегі мақсат мектептен бірнәрсені ұрлау немесе бұзу емес. Менің ойымша, бұл жердегі басты стимул желіде құрбы-құрдастарының қызығушылығын ояту және бұл жасөспірімдер үшін шынымен күшті ынталандыру болып отыр», – дейді ол.

Педагогтар мен полиция қызметкерлері өз кезегінде ата-аналарды балалармен тәрбиелік талқылау жүргізуге шақырып, мұндай әрекеттер тәртіптік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.