Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оңтүстікте минус 13°C аяз болады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болатыны айтылды

0 201

«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыс өз құқығын жиі көрсетіп отыр.

Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.