Қалалық қоғамдық-саяси газет

Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезінде екі мәселе қаралады

0 132

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында 1 наурызда өтетін партияның кезектен тыс XXII Съезінде қандай мәселелер қаралатынын жазды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады: 1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. 2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», – деп жазды ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.