Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әнімен желіні жарған құрылысшы қыз жұлдыздармен бірге үлкен сахнаға шықты

0 487

Желіде танымал болып кеткен Гүлмайдан Серікбай (Дана) алғаш рет үлкен сахнаға шығып, жаңа жылдық шоудың түсіріліміне қатысты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Халық сүйіктісі атанған күнім. Сіздердей жүрегі мейірімге толы қолдаушыларымның себепкерлігімен осындай үлкен сахнаға шығып, ән айтып, «халық» әншісі атандым. Ешқашан осындай үлкен телевизиялық сахнада ән айтамын деп ойламаппын. Осы әдемі телевизиялық кешке арнайы қонақ етіп шақырған барша жанға алғысымды білдіремін», — деп жазды жас әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Гүлмайдан Серікбай ішіндегі бар эмоциясымен, қуанышымен бөлісті.

«Армандар орындалатынына толықтай көзім жетті, Аллаһым маған берген бағың мен өнерімнің әлі де талай танылып, биік әлемдік сахналық белестерге жетуіме нәсіп етші», — деп жазды ол.

Продюсер Жан Мұқановтың айтуынша, жаңа жылдық шоудың толық нұсқасы 31 желтоқсанда 31 арнадан көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.