Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаев университетін тазалауға жыл сайын 300 млн теңге жұмсалады

0 438

  Жыл сайын Назарбаев университетінің жалпы ауданы 355,3 мың ш.м. орталығын тазалауға шамамен 300 млн теңге жұмсалады. Мұның ішіне: тұрғын әрі тұрғын емес блоктар, 2 паркинг, атлетикалық орталық, жапон бағы, 670 санитариялық-гигиеналық жерлер (1220 унитаз және 450 писуар). Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” порталына сілтеме жасап.

Мынадай талаптар қойылады:

-сатып алынатын қызметтерді көрсетудің үш жылдық тәжірибесі;

-сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйесінің сертификаттары;

-184 тазалау операторы;

(арбалар, еден жуатын машиналар, роторлық және экстракторлық машиналар, шаңсорғыштар, т.б)

-«Santrade» компаниясы » ЖШС 2019-2020 жылдары 309,9 млн теңге мен 179,3 млн теңге сомасымен университетке қызмет көрсету тендерін ұтып алды.

2021 жылы «әкімшілік ғимараттарды пайдалану дирекциясы» ЖШС-нен жалпы сомасы 249,1 млн теңгеге бірден сатып алу жүзеге асырылды (қалғандарының қорытынды есептері дұрыс болмады).

Бұл ЖШС «ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимаратының дирекциясы» МКК қайта құру жолымен құрылды, бастапқы құрылтайшысы — Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, ендігі құрылтайшысы Н.С.Мұсаев болып табылады.

2022 жылы тендерді басқа компания, яғни — «ИНТЕРСОЮЗСЕРВИС» ЖШС жеңіп алды. ал бұрынғы жеңімпаз компания SANTRADE» ЖШС екінші орынға ие болды.

Биылғы жеңіске жеткен компанияның бағасы-242,4 млн теңгені құрады. Бұл ауданы 359,2 мың шаршы метр орталықты тазалау жұмысына жұмсалатын ақша.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.