Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды ма? – ресми жауап

0 354

Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы «Коммерциялық телевизииялық арна» акционерлік қоғамының КТК телеарнасының акцияларын сатып алу туралы жарияланымдарға қатысты ресми мәлімдемесінде айтылған.

– Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады. Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдейміз. КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері – коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды, – делінген хабарламада.

 

БЕСсимптомно арнасы ұсынған мәлімет бойынша, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды делінген. Мәміленің жалпы сомасы 1 198 078 000 теңгені құрайтыны айтылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.