Қалалық қоғамдық-саяси газет

Науқасты көтеріп, екі шақырым жол жүрген: Павлодар облысында жедел жәрем қызметкері марапатталды

0 197

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақова облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкері Сая Ақпарованы «Ертіс дарыны-2021» жастар сыйлығымен марапаттады. Сая Ақпарова боран кезінде науқасты екі шақырымға көтеріп апарған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша, жедел жәрдем қызметіне миокард инфаркты жайлы хабарлама Жетекші ауылынан келіп түскен. Алайда науқастың пәтері орналасқан жерге жету мүмкін болмаған. Боран салдарынан көлік өте алмағандықтан, медицина қызметкерлеріне жаяу баруға тура келген.

«Жеттік, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Инфаркт нақтыланды, сонымен қатар өкпе ісіп кеткендіктен тыныс алуында қиындықтар туындаған. Жағдайы бірқалыпты болса да, ауруханаға жатқызу қажет болды. Шанамен жеткізбекші болғанбыз, бірақ қарға батып кетті. Жасанды тыныс алу аппараты да салмақ қосты», – деді Сая.

Сол кезде зембілді жылтыр жағымен қаратып, науқасты көлікке дейін көтеріп апарған. Қалың қар және боран болғандықтан, жүру де қиындапты. Көлікке жеткенге дейін дәрігерлер науқасқа моральдық тұрғыдан қолдау көрсеткен.

«Таңғы бесте науқасты ауруханаға жеткіздік. Оған аортокоронарлық ұштастыру жасалды. Төрт күннен соң кардиоорталыққа келгенде, сол адамды ауруханадан шығарып жатыр екен. Бізді көріп, таныды. Қобалжыды, алайда дәрігерлер оған уайымдауға болмайтынын айтты», – деді жедел жәрдем қызметкері.

Дәрігерлер бұл әрекеттерінен кейін өздері де суық тиіп, сырқаттанып қалған. Сая арқасын зақымдап, қайта қатарға қосылу үшін ота жасатқан.

«Егер осындай жағдай қайталанса, дәл сол әрекетті жасар едім. Бала кезімнен медицинаға қызықтым, адамдарға көмектескім келетін. Сондықтан жедел жәрдемдегі жұмыстан рахат аламын. Кейде техникалық қауіпсіздік бойынша баруға болмайтын жерге барамыз. Себебі көмекке мұқтаж адамдар бар», – деп қосты фельдшер.

Сая Акпарова – «Қайырымдылық керуені» ІІІ Республикалық байқауының «Батыл жүрек» номинациясының лауреаты. Пандемия басталған уақыттан бері ковид тобының қатарында жұмыс істейді.

«Ертіс дарыны-2021» сыйлығын 21 павлодарлыққа табыстады. Олардың арасында Екібастұз қаласының тұрғыны Малика Исенова да бар. Ол өз-өзіне қол салмақшы болған жігітті құтқарып қалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.