Қалалық қоғамдық-саяси газет

Намазхана ашудың талаптары қандай?

0 369

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген арнайы жасалған нұсқаулықпен) діни мазмұндағы заттарды сататын дүкендерді, намазханалар мен құлшылық үйлерін тіркейтіндігін мәлімдейміз.

Ескере кететін жайт: діни заттарды сату дүкенін, намазхана немесе құлшылық үйін ашу талаптарына сәйкес, мекеме, теміржол және автовокзалдарды, әуежайлар мен порттарды және діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумақтары мен ғимараттардан (оларға іргелес аумақтар болмаған жағдайда) 300 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
Бұдан бөлек, мекеменің жалпы ауданы 20 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейін, дәрет алу үшін қажетті санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік құқықтық актілерге сай келуі мен бейнекамералармен жабдықталуы керек.
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, яғни дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды тіркеусіз өткізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды «заңсыз» әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару немесе тарату фактісі анықталған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабына сәйкес, мекеменің қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын хабарлаймыз.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.