Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажетті тауарлар төмен бағада саудалануда

0 450

Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 11-ші жұлдызынан бастап әр аптаның сенбі күндері Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаладағы «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында 16 жәрмеңке өткізіліп, 433 миллион теңгеге 675,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен өткерілді.

Сонымен қатар Қазақстан халқының бірлігі
күніне орай өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеде жалпы құны 40,0 миллион теңгені құрайтын 54,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Атап айтқанда, 12,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық, 5,6 тонна сүт, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитер мен 3,4 тонна макарон, 0,4 тонна тұз, 3,2 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 17,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болды.

Жанболат Таңатаров,
Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.