Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Намазға тоқтады»: Қадыров Украинадағы шешен әскерлерінің видеосын жариялады

0 896

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы арнайы операцияға қатысып жатқан шешен әскерилері түсірілген видеоны жариялады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада тас жолда тұрған ондаған әскери көліктің орманды алқапта тоқтағанын, әскерлердің көңіл-күйінің көтеріңкі екенін, сондай-ақ бірнеше адамның жамағат болып намаз оқып отырған сәті көрсетілген. Видеода әскери көліктердің қайда бара жатқаны көрсетілмеген, бірақ «10 шақырымнан аз қалғаны» айтылған.

«Шешенстан Республикасының әмбебап жауынгерлері тез көшкінмен кез-келген кедергілерді тас талқан етеді”  деп жазды Р.Қадыров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.