Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда жерленуге лайықты – Сансызбай Құрбанұлы

0 3  421

     Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат кезінде Сансызбай Құрбанұлы дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан жерінде жерленуге лайықсыз» деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

 

«Ол оны неге сүйеніп айтты? Шариғатта бірінші бүкіл әулиелер жиналып пайғамбар дәрежесіне жете алмайды. Екінші сахабалар дейік. Сахаба дегендер пайғамбардың көзін көргендер. Одан кейін барып табин дейді баб дейді. Пайғамбарымыздың кезінде сахабалардың ішінде екіжүзділер болды. Ол екіжүзділерді басқа жерге жерлеген жоқ барып, сол әулиелер жатқан жерге жерледі.

Елбасының қатесі, кемшілігі болған шығар. Бірақ ол мұсылман ғой. Мұсылман адам мұсылманның қабіріне барып жерленеді» деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлына үндеу жасады.

«Қайрат бауырымыз сөйлесе сөйлесін. Бірақ дәлелмен сөйлесін» дейді Құрбанұлы.

Өз сөзін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі «жатам десе жатсын. Ол мешіт, медресе соғып, елге қызмет етіп жатыр ғой» деп түйіндеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.