Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

0 696

Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды. Бұл туралы Telegram-арналардың бірі хабарлады.

БеСсимптомно арнасының ұсынған мәліметі бойынша, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды. Мәміленің жалпы сомасы 1 198 078 000теңгені құрайды. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берді.

28 ақпанда КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 жай акция шығару арқылы АҚ жарияланған акцияларының санын 8 152 925-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
14 наурызда акционерлер жиналысы осы акция санын (2 622 850 жай акция) сатуға шығару туралы шешім қабылдады.
«Коммерциялық Телеарна» АҚ мәміле жасасқанға дейінгі акционерлер:

«TV Media Advertising Agency» ЖШС (TV Media Advertising Agency) АҚ жалпы 321 470 дауыс беретін акцияларына (барлық дауыс беретін акциялардың 5,81%) иелік етеді.

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорына АҚ-ның жалпы саны 5 051 653 дауыс беретін акциялары (барлық дауыс беретін акциялардың 91,36%) тиесілі.
«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Директоры – оның қызы Дариға Назарбаева.
«TV Media Advertising Agency» ЖШС Қазақстандағы ең ірі жарнама агенттігі болып табылады. Оны Валерий Сафонов басқарады және ондаған жылдар бойы Дариға Назарбаевамен байланысты жарнама бизнесімен айналысады.
Осылайша, Дариға Назарбаева екі құрылым арқылы КТК телеарнасын бақылауды жалғастыруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.